Астанада самбодан әлем чемпионаты өтеді

2 261

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comАстанада 8-10 қараша аралығында спорттық және жауынгерлік самбодан, сондай-ақ зағип спортшылар арасында самбодан әлем чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жергілікті әкімдік мәліметінше, турнир Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Жарысқа 80 елдің спортшылары қатысады. 6-7 қарашада командалар аккредитациядан өтіп, қонақүйлерге тіркеледі. Оқу-жаттығу жиындары елордада жарыс басталар алдында – 25 қазаннан басталады.


Бұл жарыстардың басты ерекшелігі – әйелдер алғаш рет жауынгерлік самбодан бақ сынаса, сонымен қатар зағип (SVI1 санаты – мүлдем зағип) спортшылар арасында самбо күресі өтеді. Сонымен қатар, әлем чемпионаты 2025 жылы Чэндуде өтетін Дүниежүзілік ойындарға соңғы іріктеу турнирі болмақ, – деп қосты ведомство.

Жарыс келесі салмақ дәрежелері бойынша өтеді:

Спорттық самбо (ерлер): 58 келі, 64 келі, 71 келі, 79 келі, 88 келі, 98 келі, +98 келі;

Спорттық самбо (әйелдер): 50 келі, 54 келі, 59 келі, 65 келі, 72 келі, 80 келі, +80 келі;

Жауынгерлік самбо (ерлер): 58 келі, 64 келі, 71 келі, 79 келі, 88 келі, 98 келі, +98 келі;

Жауынгерлік самбо (әйелдер): 50 келі, 54 келі, 59 келі, 65 келі, 72 келі, 80 келі, +80 келі;

Зағиптарға арналған самбо (ерлер, SVI1 спорттық санаты): 64 келі, 79 келі, 98 келі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.