Қазақстандық керлингшілер 2025 жылғы Азия ойындарында қатарынан екінші рет жеңіске жетті

2 694

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Сали СабировҚазақстан құрамасының керлингшілері Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

6 ақпанда спортшылар аралас жұптар арасындағы топтық кезеңде Қырғызстанға қарсы кездесу өткізді.

Кездесу 12:5 есебімен қазақстандық дуэттің пайдасына аяқталды.

Бұл жеңіс команда үшін қатарынан екіншісі болды. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Қатар жеңген еді.

Төрт матч қорытындысы бойынша Қазақстанның еншісінде екі жеңіс пен екі жеңіліс бар. Біздің керлингшілер бұл кезеңдегі соңғы кездесуін бүгін Филиппиндерге қарсы өткізеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.