Қазақстандық боксшы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

2 733

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  Астана әкімдігіҚазақстандық боксшы Бақберген Алиасқаров халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сербия астанасы Белград қаласында бокстан өткен «Belgrade Winner» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Осымен 62-ші рет ұйымдастырылған айтулы додада Қырғызстан, Словакия, Македония, Марокко, Сербия, Молдова және Қазақстан елдерінің былғары қолғап шеберлері бақ сынады.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, ел намысын қорғаған 75 келіге дейінгі салмақтағы Бақберген Алиасқаров лайықты өнер көрсетіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Жалпы, қазақстандық боксшылар бұл жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.