"Шахтер" футбол клубы логотипін өзгертті

2 226

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/shakhterfc/Қарағандылық "Шахтер" футбол клубы жанкүйерлеріне жаңа логотипін таныстырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Клуб өкілдерінің хабарлауынша, логотипті жасау кезінде Қарағанды өңірінің барлық ерекшелігі мен дәстүрі ескерілді. Негізгі эмблема Қарағандының символы саналатын террикондарды бейнелейтін геральдикалық қалқан түрінде жасалған. Қалқанның ортасында Football Club және Qaragandy мәтінімен қоршалған 1958 жылғы тарихи доп орналасқан. Олардың артында тау-кен ісінің негізі және кеншілердің тарихи құралы – екі қиылысқан қайла бар. Орталық композицияның артында клуб түсіндегідей классикалық тік жолақтар орналасқан. Логотиптің ең жоғарғы бөлігінде клубтың атауы жазылған.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.