Бір айға ойыннан шеттетілген Роналду жазасын жеңілдетуді сұраған

2 505

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Getty ImagesПортугалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрамадан өз бетінше кеткені үшін берілген жазаны жеңілдетуді сұраған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Футболшы өтінішінде футболдың дамуына қосқан үлесі мен спорттағы жетістіктерін алға тартқан.

Бұған дейін 41 жастағы футболшы бас бапкер Жорже Жезуш оны Ұлттар лигасында Норвегияға қарсы кездесуде алаңға шығармағаннан кейін ұлттық құраманың орналасқан жерінен өз бетінше кетіп қалған еді. Осы оқиғадан соң Португалия футбол федерациясы Роналдуды бір айға шеттетіп, 255 еуро көлемінде айыппұл салды.

Record мәліметінше, Роналду жазаны жеңілдетуге негіз болатын үш уәж келтірген. Олар – футболдың дамуына қосқан елеулі үлесі, спорттағы жетістіктері және істің мән-жайын анықтауға шешуші үлес қосуы.

Федерация алғашқы екі уәжді ескергенімен, үшіншісін қабылдамаған. Ұйым өкілдерінің пікірінше, оқиғаға қатысты деректердің басым бөлігі ашық дереккөздерде жарияланғандықтан, ұзақ әрі күрделі тергеу жүргізудің қажеті болмаған.

Сонымен қатар, Роналду ұлттық құрамадан шеттетілгеніне қарамастан, қараша айындағы матчтарға шақырылуы мүмкін екені хабарланды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.