Боксшы қыздарымыз ӘЧ-2025 үздік ондығына кірді

2 280

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: KBFЛиверпульде өткен бокстан әлем чемпионатынан кейін британдық журналист Мэтт Робинсон турнирдің үздік боксшылар тізімін жариялап, оған Қазақстан құрамасының үш өкілін қосты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол бұл рейтингтің басты мақсаты тек алтын жүлде иегерлерін атау емес, турнир барысында жарқын өнер көрсеткен спортшыларды ерекшелеу екенін атап өтті. "Кейбір чемпиондар жеңіске жеңіл жолмен жетті, ал керісінше, алғашқы айналымдарда-ақ керемет бокс көрсеткендер болды, бірақ әрі қарай өте алмады", — деді Робинсон.

Сарапшының сөзінше, үздік үштікті анықтау оңай болмаған. Дегенмен ол ирландиялық Аойфті бір саты жоғары қойып, үндістандық боксшы қыздардың да шеберлігін ерекше бағалады.

Қазақстандық Әбікеева мен Балқыбекова да жоғары бағаланған спортшылар қатарында. Олардың қарсы шабуылдағы нақтылығы мен рингтегі стиль ерекшелігі шолушының назарын аударды. Сондай-ақ Робинсон 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Флинтті чемпионаттың басты тосын сыйы деп атады.

Осылайша, қазақстандық боксшы қыздардың нәтижесі әлемдік сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, үздіктер қатарынан орын алды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.