«Болашақтың ойындары» турнирін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Дирекция құрылды

2 673

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  Туризм және спорт министрлігі«Болашақтың ойындарын» дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің тапсырмасына сәйкес, «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы базасында мамандандырылған Дирекция құрылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Дирекцияның міндеті – 2026 жылы Астанада өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирін ұйымдастыру және өткізу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын іс-шара ел спортындағы маңызды оқиға болмақ.

Айта кетейік, 2024 жылғы 13 қазанда Дубайда (БАӘ) өткен ресми рәсімде Қазақстан 2026 жылы дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир – Phygital Games of the Future жарысын өткізу құқығына ие болған еді. 2026 жылғы жарысты ұйымдастыруға Қазақстаннан бөлек, Перу және Чили мемлекеттері де үміткер болған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.