"Уақытым жоқ": "Барыстың" бапкері қазақ тілін үйренуден бас тартты

2 253

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: hcbarys.kz.Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жүрген "Барыс" клубының бас бапкері Михаил Кравец қазақ тілін үйрену жоспары жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында журналист бапкерден:

"Сіз бірнеше айдан бері Қазақстанда жұмыс істейсіз. Қазақ тілін үйреніп жүрсіз бе?" – деп сұраған.

Кравец бұл сұраққа былай деп жауап берді:

"Білесіз бе, мұнда бәрі орысша сөйлейді, кейде ағылшын тілі де жеткілікті. Уақытым жетпейді. Егер қазақ тілін үйренсем, сосын қытай тілін де меңгеруге тура келетін шығар. Сондықтан орыс және ағылшын тілдерімен-ақ бәріміз бір-бірімізді түсініп жүрміз деп ойлаймын", – деп жауап берді.

Айта кетейік, соңғы кездесуде "Барыс" Қазанның "Ак Барс" клубынан 3:4 есебімен жеңілді. Үшінші кезеңнің басында 0:4 есебімен ұтылып жатқан қазақстандық команда небәрі 140 секундта үш шайба соғып, есеп айырмасын қысқартқанымен, жеңіске жете алмады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.