Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуде 0:1 есебімен ұтылды

2 518

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:ҚФФҚазақстан ұлттық құрамасы Хорватияда өткен Фарер аралдарына қарсы жолдастық матчта 0:1 есебімен ұтылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кездесудің 24-минутында қарсылас команда ойыншысы Бекхан Шайзада қақпаны дәл көздеп, матчтағы жалғыз голды соқты. Екінші таймда Қазақстан құрамасы есепті теңестіруге бірнеше мүмкіндік алғанымен, Фарер аралдарының қорғанысын бұза алмады.

Осылайша, ұлттық құрама 2025 жылдың соңғы матчында жеңіліске ұшырады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеуінде өз алаңында Бельгиямен 1:1 есебімен тең ойнап, J тобында төртінші орынға көтерілген болатын. Сондай-ақ Талғат Байсуфиновтың шәкірттері Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македониямен тең түскен еді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.