Жәміләнең бапкері – әйелдер күресінің жаңа аға жаттықтырушысы

2 510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Спортшының жеке парақшасынанҚазақстан ұлттық құрамасында күрес түрлерінен кадрлық өзгерістер орын алуда. Енді әйелдер күресінен аға бапкер ретінде Нұрсұлтан Теміров жаттықтырады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрсұлтан Теміров – әйелдер күресінен ұлттық құрама көшбасшысы Жәмилә Бақбергенованың жеке бапкері. Жәмила Бақбергенов әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері.

Оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген бірқатар спортшылар тәрбиеленген. Олардың қатарында Мадина Бақбергенова және басқа да спортшылар бар.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Маратұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сонымен қатар, 2022 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан "Жылдың үздік жаттықтырушысы" атағына ие болған. 

Сондай-ақ ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша тамамдаған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.