Данияр Шамшаев Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды

2 516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:©QazteamДубровниктегі болған  Еуропа кубогынан: Данияр Шамшаев ел қоржынына алғашқы алтынды салды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап

Дубровник қаласында дзюдодан ересектер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Ұзақ үзілістен кейін татамиге қайта оралған спортшы сенімді өнер көрсетіп, 73 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарының бәрінен басым түсті. Бұл жолы Шамшаев іріктеу кезеңдерінде Хорватия, Аустрия және Венгрия балуандарын жеңді. Жартылай финалда жергілікті спортшы Адам Калац-ты тізе бүктірсе, финалда франциялық Максим Гоберт-ті айқын басымдықпен ұтып, алтын медаль иеленді.  60 келі салмақта сынға түскен Дамир Болатбеков финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды. Ол шешуші белдесуде қарсыласына жол беріп қойған.

Әйелдер арасында да қазақстандық спортшылар жүлдеден құр қалған жоқ. +78 келіде өнер көрсеткен Толқын Тұрсынақынова қола медаль жеңіп алды. Ол ширек финалда хорватиялық Леона Никетич-ті жеңсе, жартылай финалда молдовалық Оксана Диаценко-ға есе жіберді. Қола жүлде үшін өткен белдесуде тағы бір хорват спортшысы Стелла Ловакович-ті жеңіп, үздік үштіктен көрінді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының спортшылары жарысты жалғастырып жатыр. Сарапшылар бұл турнирді алдағы ірі халықаралық додалар алдындағы маңызды сынақ ретінде бағалауда.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.