Семсерлесуден Әлем чемпионатында Қазақстан алғашқы медальды жеңіп алды

2 510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Федерацияның баспасөз қызметіЖарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде алғашқы медалін жеңіп алды. Қазақстандық спортшы Нұрмұхаммед Жайлыбай қылыштасудан қола медальға ие болды. Ол жартылай финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Түркия өкілі Фуркан Яманға 13:15 есебімен есе жіберді. Осылайша, Жайлыбай турнирді үшінші орынмен аяқтады.

ҚР ҰОК мәліметінше, турнир барысында ол Мажарстан спортшысы Даниэль Беркешиді (15:6), жапониялық Мотоки Кавахараны (15:7), ресейлік Ярослав Борисовты (15:14) және АҚШ өкілі Эмилио Патурзоны (15:13) жеңген. Тағы бір қола жүлде мысырлық Ахмед Хешамға бұйырды. Ол жартылай финалда америкалық Уильям Морилудан жеңілді. Ал жарыстың жеңімпазы Фуркан Яман (Түркия) атанды. Бұл - жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстанның жекелей сында алған алғашқы медалі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.