«ҚАЙСАР» ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

2 528

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: @nurdaulet_yertargyn

 Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы Қазақстан кубогының жартылай финалында елордалық «Жеңісті» қос кездесудің қорытындысы бойынша 5:4 есебімен тізе бүктіріп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі. 

 «Астана Аренада» өткен қарымта кездесу шиеленіске толы болды. Алаң иелері белсенді шабуыл жасап, матчты 3:2 есебімен өз пайдасына аяқтады. Елордалықтар сапында хорватиялық шабуылшы Андрия Филипович дубль авторы атанса (25, 75-минут), бразилиялық жартылай қорғаушы Гьяа душ Сантуш Мартинш 18-минутта есеп ашты.

 Дегенмен, Сыр өңірінің ұжымы соңғы минуттарға дейін сирек те болса қауіпті қарымта шабуылдар ұйымдастырып, финалға жетерлік нәтижені сақтап қалды. «Қайсар» сапынан бразилиялық вингер Микейас (69-минут) пен матч аяқталар тұста Рамазан Бағдат (90-минут) мергендік танытты.

 Өз алаңында өткен алғашқы кездесуде «Қайсар» 3:1 есебімен сенімді жеңіске жеткен болатын. Екі матчтың жалпы есебі 5:4 болып, Қызылордалық клуб кубокты сарапқа салатын шешуші ойынға өтті.

Енді ел кубогының басты матчында «Қайсар» Шымкенттік «Ордабасымен» кездеседі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.