«ҚАЙСАР» ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы Қазақстан кубогының жартылай финалында елордалық «Жеңісті» қос кездесудің қорытындысы бойынша 5:4 есебімен тізе бүктіріп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
«Астана Аренада» өткен қарымта кездесу шиеленіске толы болды. Алаң иелері белсенді шабуыл жасап, матчты 3:2 есебімен өз пайдасына аяқтады. Елордалықтар сапында хорватиялық шабуылшы Андрия Филипович дубль авторы атанса (25, 75-минут), бразилиялық жартылай қорғаушы Гьяа душ Сантуш Мартинш 18-минутта есеп ашты.
Дегенмен, Сыр өңірінің ұжымы соңғы минуттарға дейін сирек те болса қауіпті қарымта шабуылдар ұйымдастырып, финалға жетерлік нәтижені сақтап қалды. «Қайсар» сапынан бразилиялық вингер Микейас (69-минут) пен матч аяқталар тұста Рамазан Бағдат (90-минут) мергендік танытты.
Өз алаңында өткен алғашқы кездесуде «Қайсар» 3:1 есебімен сенімді жеңіске жеткен болатын. Екі матчтың жалпы есебі 5:4 болып, Қызылордалық клуб кубокты сарапқа салатын шешуші ойынға өтті.
Енді ел кубогының басты матчында «Қайсар» Шымкенттік «Ордабасымен» кездеседі.
Қаз
Рус






