Қаршыға Дәуітбектің жекпе-жегіндегі төрешілер шешімі дау тудырды

2 506

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: vesti.kzҚазақстандық ММА файтері Қаршыға Дәуітбек Осака қаласында Super RIZIN 5 турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Үш раунд жұдырықтасты

Отандасымыз жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі Рэн Хирамотомен кездесті. Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланды. Кездесу толық уақытқа созылып, қорытындысында төрешілердің бөлек шешімімен жапониялық Хирамото жеңімпаз атанды.

Дәуітбек бұл кездесуге дейін кәсіби мансабында 19 жеңіс пен үш жеңіліс тіркеген еді. Қазақстандық файтердің басты қаруы – соққы қуаты. Оның бұған дейінгі 19 жеңісінің 15-і нокаутпен аяқталған. Ал Хирамотоның жекпе-жек алдындағы ММА көрсеткіші төрт жеңіс және үш жеңіліс болатын.

Қаршыға Дәуітбек үшін бұл мансабындағы төртінші жеңіліс болды. Енді қазақстандық файтердің жалпы рекорды 19-4 болып тұр. Сонымен қатар Дәуітбектің RIZIN ұйымындағы көрсеткіші де өзгерді. Ол жапониялық промоушенде бес жеңіс пен екі жеңіліс тіркеген. Тағы бір кездесуі өтпеген жекпе-жек ретінде есепке алынған.

Хирамото Жапонияда аса танымал

Рэн Хирамото бастапқыда кикбоксингте танылған. Кейін аралас жекпе-жекке ауысып, RIZIN ұйымының ең танымал өкілдерінің біріне айналды.

Жапониялық файтер бұған дейін ММА ережесі бойынша соңғы рет 2024 жылдың шілдесінде октагонға шықты. Соған қарамастан оның елдегі медиа танымалдығы өте жоғары. Хирамотоның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына 500 мыңнан астам адам жазылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.