Боксшы Айбек Оралбай алтын медаль үшін бақ сынайды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Отандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатыр. Айбек жартылай финалда үндістандық Нарендермен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бокстан финалдық жекпе-жектер 2 қазанда өтеді.
Қаз
Рус






