"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді

343

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Екінші орта дивизиондағы WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Мексикалық бокшсы журналистер сұрағына жауап бере отырып, алдымен қазақстандықтан сұрау керек екенін айтты.

"Алдымен GGG-ден сұраңыз, 168 фунтқа көтеріліуге дайын ба? Жеке өзім кез келген адаммен жекпе-жекке шығуға дайынмын", - деп жауап берді Альварес ESPN сұрағына.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін Альварес пен Головкин екі жекпе-жек өткізді. Біріншісі 2017 жылдың қыркүйегінде тең нәтижеде, ал екіншісі бір жылдан кейін мексикалықтың жеңісімен аяқталды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.