Азия чемпионатында қазақстандық балуандар финалға шықты

483

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық төрт балуан финалға өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. 

Қазақстан командасы сапынан Аманғали Бекболатов (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов (63 келі), Мақсат Ережепов (77 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) финалға шықты.

Финалдық белдесулер тізімі төмендегідей: Аманғали Бекболатов - Ю Шиотани (Жапония) Мейрамбек Айнағұлов - Тынар Шаршенбеков (Қырғызстан) Мақсат Ережепов - Ақжол Махмудов (Қырғызстан) Әлімхан Сыздықов - Ким Минсок (Оңтүстік Корея) 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов турнирдің қола жүлдесіне таласады.

 Оның қарсыласы - қырғыз балуаны Мелис Айтбеков. Азия чемпионатының финалдық белдесулері Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады. Құрлық додасы 19-24 сәуір аралығында өтеді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.