Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатынан олжамен оралды
433
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Көркем гимнастика шеберлері Азия чемпионатынан 13 медаль ұтып әкелді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. Қоржында 13 медаль. Оның 6-ауы алтын. Оларды елорда әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. Ересектер мен жасөспірімдер арасындағы бәсеке Таиландтың Паттайя қаласында өтті. Қазақстан құрамасы командалық және көпсайыс жаттығуларда жақсы өнер көрсетті.
Әсіресе жасөспірімдер қос бағытта да бірінші орынға тұрақтады. Ал жекелей сында Милана Парфилова топ жарды. Айым Мейіржанова мен Эрика Жайлауова күміс жүлдегер атанды. Ересектердің де көрсеткіші жаман емес. Қазақстан құрамасы командалық біріншілікте 2-орынға тұрақтаса, көпсайыс бәсекесінде үздік үштікті түйіндеді. Ал шымкенттік Елжана Тәниева лентамен жаттығуда алдына жан салмай, Азия чемпионы атанды.
Қаз
Рус






