«Реал» мен «Барселона» Суперлигадан дәмелі ме?

232

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Prosports.kz.Кіл мықтыларды жинаған Суперлига жарысына қатысушылар қатарынан тек «Реал» мен «Барселона» шықпады.

Бұған дейін Суперлигаға 12 команда, нақтырақ айтқанда  «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Челси», «Тоттенхэм», «Ливерпуль», «Интер», «Милан», «Ювентус», «Барселона», «Реал» және «Атлетико» қатысатындарын мәлімдеген еді.

Жоспар бойынша жарысқа Еуропаның бетке ұстар 15 командасы тұрақты негізде, ал 5 клуб іріктеу кезеңі арқылы қатысуы керек еді. Алайда Суперлиганың құрылуы ресми жариялана салысымен әлем дүр сілкінді. Жанкүйерлер клубтардың бастамасын қолдамай, футболды сатты деп ренжіді. Ал футболдағы бас орган ФИФА мен УЕФА Суперлигаға қатысамын деген әрбір клуб пен ойыншыға жеке дара жаза қолданатынын мәлімдеді.

Араға екі күн өткенде Суперлига жарысы өтпейтіні туралы хабар шықты. Бүгінде дейін 12 команданың 10 лигаға қатысудан бас тартты. Тек «Реал» мен «Барселона» әлі ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.