Қызы анасының зейнетақысын алып отыру үшін денесін бетондаған

370

Ресейде әйел зейнеткер анасының 100 мың рубль (500 мыңға жуық) зейнетақысын алып отыру үшін оның денесін бетондап тастаған ,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Мәскеулік әйел анасы қайтыс болғаннан кейін оның өлімі туралы еш жерге хабарламаған. Өйткені зейнетақы енді берілмей қалады деп қорыққан. Сол себепті қарттың денесін үйдің жанына көміп, үстінен бетон құйған.


Ол таныстарына қарт ана қарттар үйінде деп өтірік айтып келген. Оқиға бір жылға дейін ұласыпты. Әйелдің бұрынғы жұбайы бір нәрсе дұрыс емес екенін сезіп, полицияға хабарласқан.


Ер адам әйелмен шамамен 20 жыл бірге тұрмаса да, жылына бір рет ұлына барып тұрған. Ол бұрынғы қайын енесін соңғы рет бір жарым жыл бұрын көргенін, одан кейін әже мүлдем көрінбей кеткенін хабарлады. Ұлынан сұрай бастаған кезде бала анасының сырын айтып қалған.


Жедел уәкілдер дене қалдықтарын тауыпты. Әйел қамауға алынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.