Жасөспірімдер аулада тұрған көліктің астан-кестенін шығарды
Астана қаласында Ш.Қосшығұлұлы көшесіндегі тұрғын үй кешенінің ауласында үш жасөспірім бөтен біреудің көлігін бүлдірген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
Желіде тараған бейнежазбада үш баланың көліктің капотына шығып, алдыңғы әйнегін теуіп жатқан сәті көрінеді. Оқыс оқиға Ш.Қосшығұлұлы көшесіндегі аулада орын алған. Аталған аудандағы бейнебақылау камералары көліктерге келтірілген басқа да залал жағдайларын тіркеген. Астана қаласының Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.
Полиция өкілдерінің айтуынша, балалардың әрекеті материалдық зиянға ғана емес, сонымен қатар өздеріне де қауіп төндірген. Қазіргі уақытта ата-аналар мен кәмелетке толмағандармен алдын алу жұмысын жүргізу мақсатында кеңес беріліп, балаларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Көршілес аумақтарда орнатылған бейнебақылау жүйелері арқылы полиция ұқсас жағдайларды алдын ала анықтап, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шараларын күшейтуді жоспарлап отыр. Құқық қорғау органдары тұрғындарды кәмелетке толмағандардың қасақана залал келтіру әрекеттерін тіркеген жағдайда дереу хабарласуға шақырады.







