Тісін тазалатқан ер адамға жүрегіне ота жасауға тура келді

1 534

Фото: instagram.com/mash_breakingМәскеудің 48 жастағы тұрғыны тісін тазалатқаннан кейін жүрегіне ота жасатты,  -  деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Науқастың айтуынша, стоматологқа барғаннан кейін шамамен бір апта өткен соң дене қызуы күрт көтеріліп, 38 градустан асқан. Көп ұзамай белі мен буындары қатты ауыра бастаған. 

Бастапқыда дәрігерлер ер адамды бронхит пен пневмониядан емдеген, бірақ жағдайы жақсармаған.

Науқастың сырқаттануының нақты себебі жүректі ультрадыбыстық зерттеуден өткізгеннен кейін ғана анықталған. Жүрек қақпақшаларында көлемі бір жарым сантиметрге дейін жететін бактериялық түзілістер табылған. Емдеуші дәрігер бұл жағдайды науқастың жақында стоматологқа баруымен байланыстырып, процедура кезінде микроорганизмдер қанға өтіп, кейін жүрек қақпақшаларына орныққан болуы мүмкін деген болжамдаған.

Ер адамға хирургиялық операция жасалып, зақымданған жүрек қақпақшасы ауыстырылған. Алдағы уақытта кейбір стоматологиялық емшаралардың алдында науқасқа бактерияға қарсы дәрілік препараттарды қабылдау қажет болуы мүмкін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.