Жамбыл облысындағы 15 мың теңгеге сатылған жалған вакцинация паспорты

356
Жамбыл облысынан  қаржылық мониторинг агенттігі вакцинация паспорттарын қолдан  жасаудың 30 дерегін тауып, жолын кесті деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне Жамбыл ауданы Аса ауылының емханасында материалдық сыйақы үшін жалған вакцинация паспорттарын заңсыз ұсынғаны туралы шағым түскен. Тексеру барысында департамент қызметкерлері аталған емханада COVID-19 қарсы вакцинация паспортын нақты екпесіз 15 мың теңгеге беру дерегін анықтады. Аталған дерек бойынша барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде. "Егер Сізге осындай құқық бұзушылықтар белгілі болған жағдайда, Агенттіктің + 7 7172 70-84-78 сенім телефоны арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық департаментке дереу хабарлауыңызды сұраймыз" деді Қаржылық мониторинг агенттігі. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.