Ер адам ұлы үйленбегендіктен өз-өзіне қол жұмсамақ болған

333

Қытайдың Шанхай қаласында ауруханалардың біріне өз-өзіне қол жұмсамақ болған 55 жастағы ер адам жеткізілген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


Оқиға темір жол станцияларының бірінде болған. Күзетшілер оның қалтасынан мұндай әрекетке баруына ұлының отбасы құрмауы себеп болғаны жазылған хат тапқан.

Ер адамның 29 жастағы ұлы әлі үйленбеген көрінеді. Осы себепті ер адам "немересіз әрі масқара күйде өмір сүруге мәжбүр" болған. 

"Менің жасымдағы барлық адамдардың балалары мен немерелері бар. Ал сен 29 жастасың. Ештеңеге қол жеткізген жоқсың", – деп жазған ол өз хатында. 

Қытайда кәмелеттік жасқа толған соң бірден отбасы құру дұрыс болып саналады. Алайда қазір жастардың басым бөлігі алдымен кәсіби мансабын қалыптастыруды мақсат етіп, отбасы құруды кейінге қалдыратын болған. Осының салдарынан жастар қоғам және ата-анасының қысымына ұшырап, өзі сүймейтін адаммен отбасы құруға мәжбүр болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.