Заңгер: Студент аналарда да құқықтық мәселелер жетерлік
436

- Өңірімізде жүзеге асып жатқан жоба үшін өте қуаныштымын. Расында отбасылы студенттерге арнайы қолдаулар жоқ екені белгілі. Кейде заңдық тұрғыда көп нәрсенің мән-жайын біле бермейміз. Осы жобаның заңгерінің арқасында менің көп мәселелерім шешімін тапты. Бір балам бар. Дегенмен күйеуім бізді тастап кетті. Енді алимент қалай аламын деп жауабын таппай жүргенімде осы жобаны естіп бардым. Заңгер Нұрсұлтан Байменов түгел көмек беріп, мәселе өз шешімін тапты. Жоба өз жалғасын таба берсе деймін,- дейді жалғызбасты студент ана.
- Осы жоба басталғалы студент аналардың көптеген мәселелерімен кездесіп жүрмін. Көбісі отбасылық дауларға байланысты. Неке дауларын шешуде оларға мүміндігінше қолдау көрсетіп келеміз. Жақында ажырасып кеткен «А.Б» жас ана келді. Жолдасы жаа туған баласының өзінікі емес басқадан туған деп бас тартып тастап кеткен. Маған келген соң, оған толық заңгерлік қызмет көрсеттім. Баланың әкесін анықтау үшін ДНҚ сараптама тағайындалды. Нәтижесінде өз баласы болып шықты. Қазір шүкір екеуі бірге өмір сүріп жатыр. Осы сияқты құқықтарын білмейтін жандар көп. Бұл жобап менің практикамда да маңызды рөл атқаратын болды.,- дейді жоба консультанты Нұрсұлтан Байменов.

⠀
@socialinnovation.ca #sica_ylg #studmath #izhpf