Қызылорда көшелерінде қаңғыбас иттер көбейді

423
 Қала көшелерінде қаңғыбас иттердің өріп жүргенін айтып тұрғындар жиі шағымдануда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 


 
 
Жергілікті халық Instagram желісінде қала көшелерінде қаңғыбас иттердің бала өміріне қауіп төндіруі жайында толассыз жазып, бейнежазбалар мен шағымдар жиілеуде.
 
Көше кезген бұралқы иттер шаһарымыздың орталық көшелерінде, атап өтсек, Тайманов, Абуов, Османов, Пәрімбетова және де Мерей мөлтек ауданы, Тасбөгет кенттерінде топтасып жүруде. Ең сорақысы бала түгіл үлкен адамның өзі жүріп-тұруы қиынға соғуда. Тұрғындар күнде мектепке баратын балалары үшін уайымдап, аман-есен барып келуін тілеп, жандарын шүберекке түйіп отыратындығын айтуда.


Осы орайда,
 


“Шанхайдғы Тайманов көшесі 2 этажды үйлер маңында иттер қаптап жүр. Адам жүре алмайды, велосипед айдап келе жаткан баламның аяғын тістеп алды,оны қайда айтсақ екен? Бала-шаға ойнайды, адам көп жүреді, этажга кіре алмаймыз”,дейді қала тұрғыны.




“Төребек Османов көшесінде иттер қаптап жүр. Балалар сабаққа бару қиын”- дейді тұрғын.


 
“ Абуова қалалық аурухана көшесінде азанғы уақытта иттерден өту мүмкін емес. Соған бір шара
қолдансаңыздар”,-
делінген әлеуметтік желіде.

 
Тұрғындардың наразы жазбасына Қалалық ветеринариялық станция мамандарының айтуынша,
 
“Қалалық ветеринариялық станция мамандарына хабарланды,тиісті шара қабылданады. Қазіргі күні мектеп, балабақша айналасы, қоғамдық орындар басты назарға алынып,күнделікті тиісті жұмыстар жалғасуда.
Call.центр жұмыс жасауда, байланыс телефоны
30-16-64”- деді Ақниет Нұрланқызы.

 
Құзырлы мекеме өкілі хабарлағандай, алдағы уақытта мамандар қандай шаралар қолданатыны біздің басты назарымызда болады.