Арадан қашып суға секірген бразилиялық жыртқыш балыққа жем болды

225
Бразилияның Минас-Жерайс штатында аралардан қашып суға секірген 30 жастағы ер адамды пираньялар жеп қойды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ВВС сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Бразиландия-ди-Минас муниципалитетінде фермаға жақын маңдағы көлде болған. Үш дос көлде балық аулап жүргенде кенеттен аралар пайда болады. Қатты қорыққан олар көлге секіреді. Екеуі аман-есен жүзіп өтеді, ал үшіншісі суға бата бастайды. Өкінішке қарай, достары оған көмектесе алмайды. Жағаға аман-есен шыққан екеуі болған оқиғаны өрт сөндірушілерге айтып береді. Олар жағалаудан төрт метр жерден суға батқан жанның мәйітін табады. Судан шығарғанда балықтар оның оң жақ бетін және басқа да дене мүшелерін жеп қойғаны анықталды. Тергеу ер адамның неден қайтыс болғанын – пираньялардан немесе суға батқаннан мерт болғанын анықтайды. Оның денесі жерлеу үшін туыстарына берілді.