ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰЖАТТАРЫН АУЫСТЫРУЫ КЕРЕК ПЕ?

374
Ішкі істер министрлігі "Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне байланысты құжаттарды өзгерту қажет пе?" деген сұраққа жауап берді. Әзірше латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мақұлдау кезеңінде тұр. Бірақ билік қазірден бастап Қазақстанда жаңа әліпби бойынша адам есімі мен тегін жазу ережелерін әзірлейтінін мәлімдеді.

ІІМ баспасөз қызметі тілшіміздің ресми сауалына берген жауабында қазақстандықтардың төлқұжатын, жеке куәлігі мен басқа да құжаттарды мемлекеттік тілде латын графикасы негізінде беру 2025 жылға дейін жоспарланғанын атап өтті.

"Латын әліпбиіне көшсек, жеке басты куәландыратын құжаттар адамдардың өтініші бойынша ауыстырылады. Бұған дейін алынған құжаттар қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады", - деп атап өтті министрлік өкілдері.

Ведомстводағылар қазіргі уақытта латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мақұлдау кезеңінде екенін айтты.

Бұған дейін мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов 2021 жылы Қазақстанда тұрғындардың аты-жөнін латын графикасындағы әліпби бойынша жазу ережелерін әзірлеу жоспарланғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, географиялық нысандар мен олардың бөліктерінің атауын латын графикасы негізінде стандарттауды әзірлеу жоспарда бар.