Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты мемлекет атанды

421

Қазақстан әлемдік бақытты мемлекеттер тізімінде 40-орынға тұрақтады. Осылайша еліміз 5 сатыға жоғарылап, ТМД елдерінің барлығын басып озды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  World Happiness Report сайтына сілтеме жасап. 

Рейтинг 2019-2021 жылдар аралығында жүргізілген сауалнама нәтижесін көрсетеді. Сауалнамаға әлем бойынша 9 миллион адам қатысқан. 

Бесінші жыл қатарынан Финляндия ең бақытты мемлекет атанды. Алғашқы ондыққа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль мен Жаңа Зеландия енді. 
АҚШ 16-орынға тұрақтаса, 17-орында Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірлігі мен Сауд Арабиясы 24 және 25-орындарды иеленді. 


Қазақстан тізімде 5 сатыға көтеріліп, 40-орынға тұрақтады. Осылайша еліміз ТМД елдерінің барлығын басып озды. Өзбекстан 53-орынға, Молдова Республикасы 62-орынға, Қырғызстан 64-орынға, Беларусь 65-орынға, Ресей 80-орынға, Армения 82-орын, Тәжікстан 83 және Әзірбайжан 92-орынға тұрақтады. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.