Елімізде қант өндірісі 79%-ға төмендеген

2 379

Қазақстанда қант өндірісі күрт төмендеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамыз айында 9,3 мың тонна қант өндірілген. Шілдемен салыстырғанда бұл 46,7%-ға немесе 8,1 мың тоннаға аз. 


Ал 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда өндіріс 79,1% немесе 35,2 мың тоннаға құлдыраған.


Бірінші кредиитік бюро сарапшыларының пікірінше, бұл маусымдық құлдырау болуы мүмкін.


Десе де, елімізге қант импорты өсуде. Жеті айдың қорытындысы бойынша оның көлемі 322,6 мың тоннаны (+18,7% немесе 50,8 мың тонна) құрады. Әсіресе, Ресей қант тасымалын үш есеге жуық, 180,5 мың тоннаға дейін арттырды. Ал Бразилия импорты 7,2%-ға, 131 мың тоннаға дейін төмендеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.