Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,8 триллион теңгеге жетті
2 523
2024 жылдың соңындағы дерек бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,8 трлн теңгені құрады, бұл шамамен ЖІӨ-нің 23 % деңгейінде,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысында республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп берді. Сол кезде еліміздің мемлекеттік қарызы қанша екенін айтты.
"Мемлекеттік қарыз белгіленген шекте тұр. Жалпы ішкі өнімге шаққанда 23,7% немесе 31,8 триллион теңге. Өткен жылы бюджет тапшылығы 3,649 триллион теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 2,7 пайызы болды. Бюджет кірістері 97,2% деңгейінде орындалып, 19,6 триллион теңге болды. Ал шығыстар 23,6 триллион теңге болып, 98% орындалған", – деді Мәди Такиев.
Министр 2024 жылы нақты Жалпы ішкі өнім өсімі 4,8% деңгейінде тіркелгенін, инфляция 9,8%-дан 8,6%-ға дейін төмендегенін айтты.







