Ұлттық банк 2026 жылы «табыстың қарыз коэффициентін» енгізеді

2 514

Фото: PixelsҰлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов үкімет отырысында 2026 жылдың бірінші жартысында «табыстың қарыз коэффициенті» енгізілетінін айтты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеде бұл құрал қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалау және жалпы борыш жүктемесін шектеу үшін кеңінен қолданылады. «Келесі жылдың бірінші жартысында табыстың қарыз коэффициентін есептеп, бекіту жоспарланып отыр», – деді Сүлейменов.

Сонымен қатар, ол қарыз алушыларға қойылатын борыштық жүктеме талаптарын қатаңдату жоспары барын атап өтті. Қазіргі уақытта борыштық жүктеме коэффициентінің мәні 0,5 болса, Ұлттық банк оны төмендетіп, есепке алынатын кірістер құрамын өзгерту мәселесін қарастырып жатыр.

Ұлттық банк басшысы сондай-ақ қамтамасыз етілмеген кредиттердің маржасын төмендету және тұтынушылық кредиттеудің теңгерімсіз өсуін шектеу үшін жылдық шекті мөлшерлемені кезең-кезеңімен азайту жоспарда екенін жеткізді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.