Қызылордада 27 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы жаңадан рәсімделді
Ел заңына сәйкес жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы және жәрдемақы мөлшері артып, Қызылорда облысында 1 қаңтардан бастап 290 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы алушының төлем мөлшері қайтадан есептелді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің облыстық департаменті хабарлағандай, биыл 6 айда 27 032 зейнетақы мен жәрдемақы жаңадан рәсімделді.
— 24 233 іс макеті қайта қаралды. 2025 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 25 388 болған. Осылайша қайта қаралған макеттер саны 4,5%-ға азайған. 889 іс макеті бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған. Мұндай істер саны 45%-ға азайған, — деді департамент басшысы Бекболат Шәріпбеков.
Істердің 88%-ы бойынша төлем тағайындаудан бас тартуға зейнетақы жинағы сомасының инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарнасының сомасынан артық болуы себеп. Қалғаныіс құжаттарының толық болмауына байланысты бас тартылған.
Қаз
Рус






