Қазақстанда көтерме сауда көлемі 11 пайызға артты

1 476

Қазақстандағы көтерме сауда көлемі алғашқы алты ай ішінде 17,6 трлн теңгеге жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ұлттық статбюроға сілтеме жасап.


2023 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 17 612,4 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,1% артық.


2023 жылғы қаңтар-маусымда республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес Алматы (39,6%) және Астана (15,8%) қалаларына, сондай-ақ Атырау (14,9%), Қарағанды облыстарына (5,2%) тиесілі.


Меншік нысандары бойынша көтерме сауданың 62% - жеке компаниялар, 36,9% - шетелдік компаниялар үлесінде.


Кәсіпорындардың көлемі бойынша көтерме сауданың көп бөлігі шағын кәсіпорындар арқылы өткен – 75,7%.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.