Қызылордада 27 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы жаңадан рәсімделді

2 525

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: PinterestЕл заңына сәйкес жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы және жәрдемақы мөлшері артып, Қызылорда облысында 1 қаңтардан бастап 290 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы алушының төлем мөлшері қайтадан есептелді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің облыстық департаменті хабарлағандай, биыл 6 айда 27 032 зейнетақы мен жәрдемақы жаңадан рәсімделді.

— 24 233 іс макеті қайта қаралды. 2025 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 25 388 болған. Осылайша қайта қаралған макеттер саны 4,5%-ға азайған. 889 іс макеті бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған. Мұндай істер саны 45%-ға азайған, — деді департамент басшысы Бекболат Шәріпбеков.

Істердің 88%-ы бойынша төлем тағайындаудан бас тартуға зейнетақы жинағы сомасының инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарнасының сомасынан артық болуы себеп. Қалғаныіс құжаттарының толық болмауына байланысты бас тартылған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.