МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

180
Бүгін қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымованың төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асырылуы бойынша жиын өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жиын барысында қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі басшысының орынбасары Айгүл Қиясова күн тәртібіндегі бірінші мәселе - «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі бойынша атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып өтті.

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің  мәліметі бойынша  Қызылорда қаласында әлі де болса  57 053  адамның статусы өзектендірілмеген. МӘМС жүйесіне қатысушылар санын арттыру мақсатында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, қалаға қарасты ауылдық округтер мен кенттерде әлеуметтік аударымдарға жауапты қызметкерлер және өзектендірілмеген азаматтармен кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Келесі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахымов «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер, оның артықшылықтары мен маңыздылығы» жайлы айтып өтті.

Үшінші мәселе - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін өзектендіру бойынша «Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов баяндады. 

Жиынды қорытындылаған Ақзира Қасымова жауапты сала өкілдеріне  тапсырмалар жүктеп, жұмыстарды тиянақты ұйымдастыруды тапсырды.