Сыр өңірінде қышыма жұқтыру былтырғыдан 3 есеге артқан

977

Қызылорда облысында жыл басынан бері қышыманың 21 дерегі тіркелген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Қызылорда облысы бойынша қышыма ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз. Жыл басынан бері қышыманың 21 дерегі тіркелді. Бұл өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 3 есеге артық.


«Бұл өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 3 есеге артық. Атап айтқанда, 14 жасқа дейінгі балалар арасында қышымамен сырқаттанушылық көрсеткіші жоғары. Барлық тіркелген аурудың 57%-ы сол жастағылар үлесінде. Жұқпалы тері ауруының қоздырғышы - қышыма кенесі. Қышыма кенесі адамның терісіне еніп, сол жерге жұмыртқалай алатын микроскопиялық паразит», - деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.