Алматылықтардың коронавирус инфекциясын қай жерде жиі жұқтыратыны белгілі болды

243

Фото: pixabay.comОңтүстік астананың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин алматылықтардың коронавирус инфекциясын қай жерде жиі жұқтыратынын айтты.


Жандарбек Бекшин соңғы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша азаматтардың 90%-ы коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болғанын сөз етті. 


Қоғамдық орындарда жұқтыру қаупі жоғары - 49%, отбасында - 22%, ал қоғамдық көлікте - 18%. 
Бас санитар дәрігердің сөзінше, мегаполисте көбінесе 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар қауіпті дертті жұқтырып жатыр.


 Олардың көрсеткіші - 33%, 40 пен 60 жас аралығындағы азаматтар - 28%, ал 60 жастан асқандардың 25% жиі ауырады. 


Сонымен қатар, осы жас санатындағы азаматтар барлық науқастың 86%-ын құрайтыны белгілі болды. 
Жандарбек Бекшин тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Әсіресе жабық бөлмелер мен адам көп жиналатын орындарға барғанда бетперде киюді, сондай-ақ сапарға жиі шығудан, адам көп жиналатын бұқаралық іс-шараларға барудан аулақ болуды ескертті. 


Аурудың алдын алудың маңызды шарасы – гигиена, әсіресе қолды таза ұстау, дейді қаланың бас санитар дәрігері. 
Одан бөлек, Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын белсенді түрде вакциналануға шақырды. Ол адамдардың қауіпті инфекциядан қорғайтын вакцина алмаса, аурудың азаймайтынын атап өтті. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.