Елімізде перинаталдық және неонаталдық скринингтер аясы кеңейтілді
410
Балалардағы ауруларды ерте диагностикалауға бағытталған ережелер аясы кеңейтіліп, жетілдірілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ережеге сәйкес жүктілік кезінде баланы медициналық қолдау жатырдан басталады және ұрықтың дамуын бағалау, ақауларды анықтау үшін перинаталды тексерулер жүргізіледі.
Нәресте өмірге келгесін бірден перзентханаларда тұқым қуалайтын ауруларға неонаталдық скрининг жүргізіледі, оған фенилкетонурия мен туа біткен гипотериозға тексеру кіреді. Сондай-ақ, барлық жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау мақсатында жасалатын аудиологиялық скрининг бар.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап, қысқа патенттелген есту қабілеті туындаған әлеует әдісімен құлақ мүкістігін анықтауға мүмкіндік беретін зерттеудің жаңа әдісі енгізілді. Есту қабілетінің бұзылуы топикалық түрде диагностикаланады. Оның көмегімен балалардағы есту жүйесінің зақымдану орны анықталады. Бұл - сөйлеу алдындағы кезеңде жаңа туған нәрестелер мен жас балалардың есту қабілетінің төмендеуін объективті бағалаудың жалғыз сенімді әдісі.
Бұдан басқа, психофизикалық дамудың бұзылуын ерте анықтауға скрининг, ерте жастағы балаларды скринингтік аттестаттау, балалардағы көру және есту функцияларын бағалау, коммуникацияның бұзылуын анықтау міндетті болып саналады.
Дене салмағы өте төмен және төмен нәрестелер шала туған сәбилердің ретинопатиясына скринингтен өтеді, содан кейін ерте мерзімде жедел емдеуге жіберіледі.