Қызылордада денсаулық сақтау мәселелері бойынша қоғамдық кеңес отырысы өтті

1 355

Жиынды кеңес төрағасы Нұридин Амитов ашып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өңірімізде атқарылуы тиіс біршама жұмыстарға тоқталып өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Қызылорда облысындағы конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын-алу шаралары  және «Ана мен бала өлімінің деңгейін төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар» барысы бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында қаралды.

Отырысқа ұсынылған мәселелер бойынша облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдікаимова, ветеренария басқармасының бөлім басшысы Марат Ойнаров және Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Нұрсұлтан Ибрагимов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанкелді Шайымбетов хабарлама жасап, кеңес мүшелері тарапынан жолданған сауалдарға жауаптар берді.


Мәселен, Қызылорда облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша табиғи ошақ болып табылады. Өңірде КҚГҚ-нан қолайсыз 106 елді мекен бар. Өткен жылы облыста КҚГҚ мен  50 күдікті жағдай тіркеліп, оның 20-сы нақтыланды. 6 жағдай өлім-жітіммен аяқталып, 14 науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылған. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдікаимованың айтуынша кене шағу жағдайлары былтырғымен салыстырғанда биыл жоғарылап отыр. Былтыр өңірде осы кезеңде 98 жағдай тіркелсе, жыл басынан 126 кене шағу жағдайлары тіркелген. Өсу көрсеткіші 32,3 пайызды құрайды. Мұнан бөлек, Әлия Әбдікаимова жыл сайын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтарында профилактикалық превентивтік шаралар жүргізіліп отыратынын, үстіміздегі жылы КҚГҚ-нан қолайсыз 106 елді мекен тіркелгенін, облыс бойынша 238 елді мекен болса, нақты кезеңде олардың 154-і зоолого-паразитологиялық зерттеулермен қамтылғандығын атап өтті.  


Күн тәртібіндегі екінші мәселеге тоқталар болсақ, өңірде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 4777 нәресте дүниеге келген. Туу көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға төмендеген. Ана өлімі жағдайы тіркелмеген. 1 жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеу көрсеткіші де өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 47 пайызға төмендеген. 


Жалпы туылған нәрестелерге жасалған скринингтік тексеру нәтижелері бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жакелді Шайымбетов атап өтті. 


Оның айтуынша жаңа туылған 4777 нәрестеге 100%  неонаталды скрининг тексеруден өткен.   Оларға  фенилаланин және бірінші рет тиреотропты гормон тексерісі жүргізіліп, нәрестелерде фенилкетонурия ауруы анықталмағандығын жеткізді.  Сонымен қатар облыста ерте жастағы балаларда есту қабілетінің ауруын анықтау үшін 22 емдеу алдын-алу ұйымдары тежеліп туындаған отоакустикалық эмиссия құрылғыларымен қамтамасыз етілген, оның ішінде 2 құрылғы Облыстық перинаталдық орталықта, 7 құрылғы аудандық ауруханалардың босану бөлімшелерінде және 13-і МСАК ұйымында екендігін тілге тиек етті. 


Жиында ұсынылып қаралған мәселелер бойынша кеңес мүшелері нақты ұсыныстарымен бөлісіп, ана мен бала денсаулығын жақсарту. Оларға көрсетілетін ем-дом сапасы және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын-алу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін сөз етті.