Қызылордада бүйрегін ауыстырған тұрғындарға ИХЛ аппараты қолданысқа берілді

1 317

Қызылордада бүйрегі ауысқан науқастарға арналған иммунохимиялық анализатор аппараты іске қосылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өңірімізде нефрологиялық қызметті дамыту жөніндегі жол картасының «Бүйрегі ауыстырылған тұрғындарға қанындағы такролимус концентрациясын анықтайтын заманауи аппаратпен жабдықтау» тармағын орындау мақсатында «Қалалық орталық емханасы» ШЖҚ КМК-да иммунохимиялық анализатор аппараты алынып, іске қосылды.


2023 жылдың шілде айының 10 жұлдызынан бастап емхананың диагностика бөлімінің зертханасында ИХЛ аппараты орнатылып, бүйрегі ауыстырылған тұрғындарға «такролимус» зерттеуі жүргізілуде. Онда аптасына 2 рет сынама алынады. Қорытындысы сол күні нефролог дәрігеріне беріліп, науқастың жағдайы бақыланып отырады.


Айта кетейік, бүгінде Қызылорда облысында бүйрегі ауыстырылған 82 тұрғын бар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.