Балалар ота жасатуа танымал фильм кейіпкерлерінің кейпінде кіріп жатыр

2 592

Фото: otyrar.kzТүркістан облыстық балалар ауруханасының медицина мамандары ота залына балаларды ерекше әдіспен кіргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.


Кішкентай пациенттердің ота алдында қорқыныш сезімін болдырмау үшін "Сен қаһарман батыр боласың" деп, танымал фильмнің кейіпкері – "Бэтменнің" киімін кигізіп, аналары ота залына өздері ертіп кіргізіп жатыр.


"Бұл әдісті облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері University Medical Center-де ота ісі мамандарын біріктіретін IV Ұлттық симпозиумына қатысып, жақсы тәжірибе жинақтап, өз жұмыстарына енгізді. Қаһарман батыр кейіпкерінің киімін киген балалар отаға көтеріңкі көңіл-күймен кіріп жатыр. Бұл әдісті әлемнің озық елдері қолданысқа енгізген, ол жақсы нәтиже беріп жатыр", - делінген хабарламада.






OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.