СҚО-да карантиннің қатаң тәртібі енгізілуі мүмкін

401
"Қызыл аймақта" орналасқан Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай күннен-күнге күрделеніп барады. Тәулік ішінде 134 адам коронавируспен ауырып қалғаны алға тартылды. 

Мамандардың айтуынша, дертке жастар, жүкті әйелдер мен балалар жиі шалдығатын болған. Бүгінде 635 науқас емделіп жатыр. Оның 22-сі бала. 


Дәрігерлердің болжамы да көңіл көншітпейді. Ақ халаттылардың айтуынша, тұрғындар карантин талаптарына немқұрайлы қарайды. "Ашық" бағдарламасының сары және қызыл көрсеткіші бойынша қоғамдық орындарда жүрген 130 адам анықталған.


 "Егер жағдай түзелмесе, карантиннің қатаң тәртібіне көшуге тура келеді. Онсыз болмайын деп тұр. Елдімекендерді жабатын шығармыз", - дейді облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.