1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді

2 173

Фото: ҚР ДСМДенсаулық сақтау министрлігі 1 мамырдан бастап мобилдік бригадалардың жұмыс тәртібі өзгеретінін хабарлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Десе де жедел жәрдем қалыпты режимде жұмыс жасай беретіні айтылды. Ведомствоның мәліметінше, мұндай өзгерістер жедел жәрдемнің келуін ұзақ күту бойынша шағымдарға байланысты жүзеге асырылмақ.  Әрі шұғыл қызмет жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында емханалар жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсететін мобилдік бригадалар жұмысының қағидаларына өзгерістер енгізіп отыр. 

"Бұл өзгерістер ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді және азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл көмекке шақырту құқығын шектемейді.", — делінген хабарламада.

Сонымен, 1 мамырдан бастап не өзгереді:

● емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында — 8:00–ден 20:00–ге дейін жұмыс істейтін болады;

● өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына қайта бағытталатын болады;

● 20: 00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.