Дәрігерлер көзіне металл бөлшегі кіріп кеткен азаматқа сәтті ота жасады

2 534

Фото: Freepik.comАлматыда көлік жөндеу кезінде ауыр жарақат алған ер адамға офтальмологиялық хирургтар сәтті ота жасады. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мәліметке сәйкес, Орталық қалалық клиникалық ауруханаға көзіне металл бөлшегі кіріп кеткен науқас жеткізілген. Ұшып кеткен темір сынығы көз алмасын тесіп өтіп, көз түбіне дейін жеткен.

“Оқиға көлік жөндеу барысында болған – металл бөлшегі тікелей көзге тиген. Офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимова бастаған дәрігерлер тобы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында шұғыл ота жүргізді. Мамандардың кәсіби біліктілігінің арқасында көзден бөгде зат сәтті алынып, науқастың көру қабілеті сақталып қалды,” – делінген басқарма хабарламасында.

Дәрігерлер көз және көру мүшелеріне зақым келтіретін жағдайлардың алдын алу үшін темір және өзге де қауіпті құралдармен жұмыс істеу кезінде міндетті түрде қорғаныш көзілдірігін пайдалануды ескертті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.