Қайтыс болған донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды
1 508
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысында қайтыс болған пациенттің ағзалары алынды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлік консилиумның қорытындысы бойынша 1979 жылы туған пациенттің миы өлгені анықталды. Түсіндірме әңгімеден кейін туыстары қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беру туралы шешім қабылдады.
"Донорлық процесс барысында екі бүйрек, жүрек, бауыр және мөлдір қабық алынды. Барлық донорлық ағза бейінді медициналық ұйымдарға жедел жеткізілді. Жүрек, бауыр, бүйрек және мөлдір қабықты трансплантаттау сәтті аяқталды", - деп жазылған хабарламада.
Медициналық көмек пациенттерге, оның ішінде республикалық күту парағында тұрған балаға көрсетілген.
"Денсаулық сақтау министрлігі туыстарына көрсеткен батылдығы мен басқа адамдардың өмірін сақтап қалуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді", - деп атап өтті ведомство.







