2027 жылдан бастап МӘМС-сіз де базалық медициналық көмек тегін болады
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету стандартына маңызды өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа жобаға сәйкес, 2027 жылдың қаңтар айынан бастап ел азаматтары МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесінің болу-болмауына қарамастан, емханаға алғаш жүгінген кезде базалық медициналық қызметтер топтамасын тегін ала алады.
Бұл реформа алғашқы буындағы медициналық көмекті бірыңғай стандартқа келтіруге, қызметтердің қайталануын жоюға және халық үшін емханалардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Қаз
Рус






