"Спутник V" балаларға арналған вакцина шығармақ

335

Балаларға арналған "Спутник V" вакцинасын салу Ресейде келесі жылдың қаңтар айында басталуы мүмкін - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


"Менің ойымша, балаларға вакцина салу келесі жылдың қаңтарынан басталады. Қазір клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Барлығы сәтті өтіп жатқан секілді, біздің қолымызда әзірше нақты нәтижелер жоқ. Егер барлығы сәтті шықса, желтоқсан-қаңтар айларында балаларға арналған вакцина таныстырылуы мүмкін", - деп бөлісті Мәскеудегі №5 аурухана бас дәрігері Марьяна Лысенко.

Дәрігердің айтуынша, балаларда коронавирус ауыр өтеді. Сол себепті де балаларға вакцина салу маңызды.