Еліміздің бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

331
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов елдегі карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды. 

Құжатқа сәйкес, бұған дейін жария болған қаулыларға бірқатар өзгерістер енгізілген. 
Нақтырақ айтсақ, Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақстан туроператорларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп, Қазақстан азаматтарының шет елдерде демалысын ұйымдастыру кезінде Қазақстанға COVID-19 әкелінуінің алдын алу жөнінде қосымша шаралар қабылдайтын болады. 

Қазақстанға шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар ету де тапсырылып отыр. 

Сондай -ақ, 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында: – республиканың барлық өңірлерінде: 

контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;

білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға; 

– тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

– тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде:

жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
 оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға (сыныпта 15 адамнан асырмай, "1 сынып – 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау) рұқсат беріліп отыр.